Салық басқармасы

Салықтық және кедендік тексеру нәтижелеріне қатысты шағымды азаматтар бейне байланыс арқылы қарастыра алады

Жібек Күлікова – Петропавл қаласы бойынша салық басқармасының бас маманы.

-Бейне байланыс бойынша кездесу Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Кәрім Сүтішев көшесі 56 мекен-жайында орналасқан ғимараттың №104 кабинетінде әр аптаның 1-ші, 3-ші жұмасы күні таңғы сағат 10-нан 30 минут кеткенде өткізіледі.

Азаматтың шағымын бейне байланыс арқылы қарастыру кезінде сол тексеруді жүргізген жауапты лауазымды тұлға қатысуы міндетті.

Жібек Күлікова – Петропавл қаласы бойынша салық басқармасының бас маманы.

-Нақты ақпарат Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында “www.saiyk.gov.kz”, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің “www.sko.kz” сайтында орналасқан.

Сондай-ақ, азаматтар қосымша ақпаратты Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне Астана қаласының кодын теріп 71-72-85 телефоны арқылы білуге болады.

 

 

 

Бакыт Садуакасов.