МТРА жаңалықтары

«Бизнестің жол картасы-2020»

Қаржы институты өңірдің іскер азаматтарына 5 жылдың ішінде 2,2 миллиард теңгені құрайтын 50 кепілдік берген. Оның ішінде дүкен және жекеменшік балабақшаға ғимарат пен кондитерлік цехқа қажетті жаңа пеш, зауытқа жаңа қондырғылар сатып алу үшін де несие рәсімделіпті. Кәсіпкерлер мемлекеттің мұндай зор қолдауы жаһандық тұрақсыздық заманында бизнестің тынысын кеңейтіп, жаңа өндірістің пайда болуына және қосымша жұмыс орындаруының ашылуына септігін тигізіп отыр дейді.

Алмат Нұрахметов-“Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ СҚОФ директоры.

-Бізде кәсібін енді дөңгелеткен және бұрыннан істеп келе жатқан бизнесмендер арнайы курстардан өтеді. Жыл басынан бері 3000-нан аса кәсіпкер түрлі кеңестер алған.