Жомарт Қажырақымов – “ҚР Ұлттық Банкі” РММ СҚФ директоры.
-Келісімшарттарға қол қоярда толық қарап шықпай, кейін сауалдар туындап жатады. Тұрғындардың 43 пайызы депозиттерді кепілдендіру жүйесінен хабарсыз. Әрбір 20 азамат қана сақтандыру туралы ақпарат сұрастырады және ол жайлы біледі. Бұл өте аз. Әрине, осы арада банктердің де кінәсі бар. Сол себепті, халықтың қаржы саласындағы сауаттылығын арттыру үшін осындай кездесулерді өткізу маңызды.
Бүгіндері қаржы нарығында өңір тұрғындарына екінші деңгейлі 19 банк қызмет көрсетеді. Олардың жұмыс істеу сапасына қатысты Ұлттық банктің жергілікті филиалына солтүстікқазақстандықтардан 76 өтініш келіп түскен.
Бақыт Сәбиева -“ҚР Ұлттық Банкі” РММ СҚФ директорының орынбасары.
-Көбіне тұрғындар несиені төлей алмауына байланысты мерзімін шегеру туралы мәселелерін айтып жүгінеді. Бұдан бөлек тағы өсімпұлды алып тастау және төлем кестесін қайтадан қарау жайында сауалдар түседі. Біз барлығын қарастырамыз. Айталық жыл басынан түскен 76 өтініштің 6-на қатысты біз банктерге тиісті ескерту қағазын жібердік.
Бүгіндері тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің мамандары тұрғындарға қызмет көрсету кезінде қателіктерге бой алдыратын 10 саланы анықтаған. Олардың қатарында қаржы саласы да бар. Бұл ретте, мамандар адамдардың құқықтық сауаттылығының аз екенін алға тартуда. Десе де, тұтынушылардан түсетін ескертулерді аяқсыз қалдырмайды.
Қайырғали Есенеев – СҚО тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы.
-Бүгіндері біздің департаментттің арнайы сайты бар. Онда күнде тұтынушылардан түрлі салаға қатысты өтініштер келіп түседі. Олар бізбен телефон арқылы да байланыса алады. Сондықтан шағымдар аз болуы үшін қызмет көрсету сапасын жақсарту қажетпіз.
Жиын соңында екі жақ әріптестік жөнінде меморандумға қол қойды.
Магжан Ахмадина.