Құқық қорғау органдары

Қылмыспен күрес

Марат Қоғамов, ҚазМЗУ қылмыстық-процесуалдық зертеулер және жемқорлыққа қарсы күрес ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор.

-Заңнама аясында қылмыс жасағандар кепілдеме төлеп, бостандыққа шыға алады. Ал, аса ауыр қылмыс жасағандарға мұндай жеңілдік қарастырылмаған. Біздің елде көбіне-көп қылмыстар экономикалық салада көп жасалады. Кейінгі кезекте сыбайлас жемқорлық тұр. Осыны азайту үшін біз заң аясында айыпталушыға айыппұл саламыз.

Жаңа қылмыстық кодекс 2015 жылдың бірінші қаңтарынан күшіне енеді. Прокурорлар мен полицейлер жаңа жағдайда жұмыс істеуге осы бастан дағдылануы қажет. Сондықтан, осындай жиындардың маңызы зор.

Берік Біләлов, СҚО ІІД бастығы.

-Елімізде жыл сайын жасалып жатқан қылмыстардың саны көп. Біз оның индексін азайту үшін өңірдің тәртіп сақшылары, прокурорлармен бірігіп әрекет еткені дұрыс. Сондықтан мен осындай кең ауқымды шаралардың көп өтуін құптаймын. Және осындай жиындардың арқасында тұрғындар арасында заңның толық орындалуын қамтамасыз ете аламыз деген үміттемін.

Профессорлар ғылыми-тәжірибелік семинарда құқық қорғау органдары қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріп, жаңа заңнама аясында жазаның бірнеше түрін қолдану әдістерін сызба түрінде көрсетіп те берді.

 

 

 

Берик Касен.