Құқық қорғау органдары

Жол-көлік апатынан 3 адам қайтыс болды

 

Көк тайғақтың салдарынан «ВАЗ 2106» және «ВАЗ 2107» автомашиналары соқтығысқан. Нәтижесінде 3 адам оқиға орнында көз жұмып, 3-уі дереу емханаға жеткізілген. Қаза тапқандардың екеуі Архангельск пен Куйбышевск селолық округтарының әкімдері болған. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Жол көлік апаты ауа-райының қолайсыздығы мен көк тайғақтың салдарынан орын алған деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.