Балалар

Мамлют ауданының жастары әлжуаз топтағы жандарға көмектесуде

Зарьяна Шоқаева – Мамлют ауданының жастар бастамалары орталығының белсендісі.

-Біз мұнда қазан айында келдік. Ардагердің үйінде қабырғаларын әктеп, перделерін жуып ілдік. Содан кейін барлық үй ішін жуып, жинастырудамыз. Мүмкін барлық жұмысты ертең аяқтап қалармыз. Біз жұмыста болғандықтан жұма күндері сұранып келіп отырамыз.

Елизаваета Редикарцева Ұлы Отан соғысы басталғанда небары 13 жаста болған. Содан бұғанасы қатпаған жасөспірім қызға еңбек майданында тер төгуге тура келеді. Қария 2 бала тәрбиелеп өсірген. Бүгінде 7 жиені бар. Қарт ана жастардың көмегіне риза.

Елизавета Редикарцева – Еңбек ардагері.

-Барлық қабырғаларды әктеп, перделерді жуып іліп берді. Маған үлкен көмек көрсетті. Жастарға өзімнің алғысымды айтамын. Алдағы уақыттарда да қолдарынын келгенше көмектесіп тұрса жақсы болар еді.

Қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығында белсенді жастар онға жуық адамға түрлі көмек көрсеткен.

 

 

Бахыт Садуакасов.