Қоғам

Кәсіпорындар ағынды суларды тазарту құрылғысын жаңасына алмастырулары қажет

Мұрат Жәкенов – СҚО кәсіпкерлер палатасының құқықтық дайындық және қоғамдық мониторинг бөлімінің басшысы.

-Сушылар қойған талапты орындамаған жағдайда, кәсіпорын иелері айыппұл төлеуге міндетті болады. Егер шағын және ірі кәсіп иелері 2016 жылға дейін ағынды суларды тазалау құрылғыларын жаңасына ауыстырмаса, онда сушылар өздері ұсынған қызмет үшін тоқсан сайын төлем талап етеді. Бұл бизнес иелері үшін үлкен шығын әкелері сөзсіз.

Бүгінде облыстық кәсіпкерлер палатасындағылар ағынды су құрылғысын сатып алу мен орнату бойынша жұмыс жүргізуде. Ол бойынша, жуық арада байқау арқылы өндіріс орындарында ағынды су құрылғысын орнататын мердігер компания анықталмақ. Ол үшін ең алдымен өндіріс орындарының қызметі туралы сауалнама жүргізіледі.

Мұрат Жәкенов – СҚО кәсіпкерлер палатасының құқықтық дайындық және қоғамдық мониторинг бөлімінің басшысы.

-Петропавлдағы жеке кәсіпкерлік субъектілері 2016 жылға дейін ағынды су құрылғысын жаңасына алмастырулары тиіс. Бұл мақсатта облыстық кәсіпкерлер палатасы аталған өндіріс орындарының басшыларымен кездесіп, сауалнама жүргізеді. Сауалнамада әр кәсіпорын өздерінің өндірісі жайында толық мәлімет көрсетулері қажет. Нәтижесінде тексерістен өткен кәсіпорынға қандай ағынды су құрылғысын орнату керектігі жайында кеңес береміз.

Әзірге ағынды су құрылғысын жаңасына ауыстыруға облыс орталығындағы 30 кәсіпорын құлық танытуда.

 

 

Бакыт Садуакасов.