Қоғам

Сарбаздардың білімі мен біліктілігі сыналады

Ерлан Рахимжанов – ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыс жөніндегі басқармасының офицері

–  Бұл жерде әскери қызметшілер саптық дайындықтан, мемлекеттік- құқықтық дайындық, ату дайындығы, дене шынықтыру дайындығы және басқа пәндерден емтихан тапсырады. Бұл әскери бөлімнің жеке құрамна біз сәттілік тілейміз. Жылдық қорытындыны 4-пен 5-ке тапсырады деп ойлаймыз.

Сарбаздардың омырауларына тағылған белгіден олардың жыл бойына алған білімдерінің қандай деңгейде екендіктерін айқын аңғаруға болады. Мәселен, қызыл түс, жауынгердің әскери қызметте үздік екендігін білдіреді. Ал, көк лентаны таққан сарбаздың білімі жақсы деп бағаланады. Қорытынды тексерістің алғашқы күнінде әскерилердің саптық дайындығы сыналды.

Мағжан Досанов – 6637 әскери бөлімінің әскери қызметкері.

– Бүгін саптық дайндықты тапсырдық. Өте жақсы деген баға алдық. Енді алда тұрған атыс дайындығы, дене шынықтыру дайындығы бар. Содан сүрінбей қорытындыны тапсырамыз деген ойдамын.

Жылдық қорытынды тексеріс 10 күнге жалғасады.

Джакупов Самат.