Без категории

“Алғыс” әскери-патриоттық клубына – 10 жыл

Роман Жуков – “Алғыс” әскери-патриоттық клубының мүшесі

– Мен “Алғыс” әскери-патриоттық клубына 16 жасымда келдім. Осында қабылдануымның басты себебі – ел үшін, жер үшін деп оққа ұшқан азаматтардың есімін жария ету. Осы ұжымның қатарында болғаныма қуаныштымын.

Биыл “Алғыс” әскери-патриоттық клубына 10 жыл толды. 2004 жылғы сәуірден бастап осы уақытқа дейінгі кезеңде «Алғыс» клубының мүшелері 16 халықаралық Естелік Вахтасына қатысқан. Олар осы он жылдың ішінде Новгород облысында қаза тапқан 293 жауынгердің сүйегін тауып, 7 жауынгердің аты-жөнін анықтаған.

Виктор Сироткин – “Алғыс” әскери-патриоттық клубының жетекшісі

– Дәл осы іздеу жұмыстары жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуде маңызы зор. Олар соғыс уақытында қаза тапқан жауынгерлердің мүрдесін көтерген кезде сол отты жылдардың ауыртпашылығын сезінгендей күй кешеді.

Кейде іздеу жасақтарының жолында соғыстан қалған жарылғыш заттар да кезігеді екен. Осы уақытқа дейін барлығы 3 мыңға жуық мина, снарядтар пен әуе бомбалары табылыпты.

– Мына кеңестік минаға – 73 жыл. Бұл қаруды 10 жыл бұрын “Алғыс” клубының мүшелері Ресей Федерациясының Новгород облысынан тапқан. Ол өте қауіпті жарылғыш заттардың қатарына кіреді. Оның ұзындығы – 82 мм.  

Енді, “Алғыс” іздеу жасағының мүшелері биыл Астана қаласында өтетін “Жас әскери бірлестіктер” форумына қатыспақ.

Сагыныш Маркашева.