Денсаулық сақтау

Петропавлда Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің төрағасы Алмас Құрмановпен кездесу өтті

Алексей Вершинин

– Бұрын дәрі-дәрмекке 20 пайыз жеңілдік болса, қазіргі уақытта мүлдем жоқ. Министрлік тарапынан қажетті дәрілерге байланысты тізім жасалынған еді. Бірақ, олар менің немен ауыратынымды қайдан білсін. Сырқаттың түрін дәрігер білуі қажет. Өйткені, рецепт жазатын – сол.

Комитет төрағасы Алмас Құрманов мәселені қарап, зейнеткерге жазбаша түрде жауап беретінін айтты. Раиса Кравцова өмір бойы Қазақстанда тұрып келген. Ресей азаматтығын осыдан 6 жыл бұрын алыпты. Бірақ, белгілі себептерге байланысты көшпей қалған. Енді, Петропавлдағы кейбір ауруханалар оған тегін медициналық қызмет көрсетуден бас тартуда. Бұл мәселе ел көлемінде өзекті екен. Тіпті, депутаттар арасында да қызу талқылануда. Алмас Құрмановтың айтуынша, Раиса Кравцова бұған тек 2017 жылы әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілген кезде ғана қол жеткізе алады.

Алмас Құрманов – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің төрағасы

– Тұрғындардың белсенділік танытуы, әрине, жақсы. Біз олардың сұрақтарына толыққанды жауап қайтаруға тырыстық. Денсаулық сақтау жүйесі жеке және мемлекеттік құрылымдар үшін тең болады. Барлық мәселелерді жақын арада міндетті түрде қарастырамыз.

Бұл кездесу өңірде алғаш рет өткізіліп отыр. Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерімен мен кездесуге барлығы 4 адам келіп, сұрақтарын қойды.

Сагыныш Маркашева.