Спорт

“Мен чемпион” спорттық жобасы жалғасуда

Ғафура Бустекова – №4 орта мектебінің директоры

– Қайта жаңғырған ойынға біз өте қуаныштымыз. Өйткені біздің балаларымыз бәрі қатысады. Бізідң мектебізді бірінші сыныптардың арасында өтеді. Содан кейін жеңімпаздар қалалықта өзбақтарын сынайтын болады.

Жалпы сайыс 8 эстафеталық жарыстан тұрады. Барлық команда мүшелері түгел сыннан таза әрі жылдам өтуі керек. Ал оларды бағындыру әркімнің қолынан келе бермейді. Алғашқы эстафеталық жарыс допты баскетболдық себетке лақтырып кіргізу болды. Бұл сында “Барс” командасына дес беретін құрама болмады. Аталған команда өзге де сындарды қарсыластарына қарағанда еш қателіксіз өтуде. Деседе, басқа командаларда олардан қалар емес. Ал барлық қатысушыларды қолдау тобының қыздары жігерлендіруде.

– Мен “Барс” командасына қолдау көрсетіп отырмы. Достарым жеңімпаз атанады.

– Менде бүгін “Барс” құрамасына жанкүйер болып отырмын. Олардың жеңеді деп ойлаймын.

– Ал мен “Чемпионы” командасына қолдау көрсетіп отырмын. Достарым жеңіске жетеді.

Сайыс қорытындысы бойынша үздік үштікті 15 ұпаймен “Смайл” командасы тұйықтады. Ал күміс жүлдені 17 ұпаймен “Чемпионы” құрамасы иеленді. Ал 8-і сыныптар арасында ұйымдастырылған доданың жеңімпазы “Барс” атанды. Олар жарыста 23 ұпай жинапты.

Миндия Моселидзе – “Барс” командасының капитаны

– Ойын жақсы өтті. Әрине қателіктер болды, бірақ бірліктің арқасында оны шештіп жеңіске жеттік. Өз командам үшін қуаныштымын.

“Мен чемпион” спорттық жобасының алғашқы кезеңі өңір бойынша 12-і қарашаға дейін жалғасады.

Риат Шони.