Денсаулық сақтау

Облыстық аурухана зертханасы жаңа қондырғылармен толықты

Татьяна Филиппова- облыстық ауруханына зертханасының меңгерушісі

– Бұл құрылғы ауру адамының диагнозын нақты қоюға көмектеседі. Емдеу жолдарын да біліп, жағдайды бақулауда ұстауға болады. Онда зерттеу жүргізілмес бұрын материал, яғни бұл жерде қан мен жілік майы өңделеді. Кейін аз уақыттың ішінде ғана ол нәтижесін компьютерге шығарып береді. Мұнда жасалатын зерттеулер де қымбат тұрады. Сондықтан қоғамның әлжуаз топтары үшін қызметтер тегін көрсетіледі.

Құрылғы құны- 30 млн теңге. Ол АҚШ-та жасалынған. Америкада шығарылған тағы бір қондырғы автоматтандырылған иммуноферментті анализатор. Керекті реагенрттер салынғаннан кейінгі барлық қызметті техниканың өзі жасайды. Нәтиже компьютерге шығарылады.

Татьяна Филиппова- облыстық ауруханына зертханасының меңгерушісі

– Бұл әсіресе, гинекологиялық, урологиялық және эндокринологиялық бөлімшелер үшін таптырмас құрылғы болып отыр. Өйткені біз зерттеулер ауқымын кеңейтіп жатырмыз. Ол гармоналдық статусты және онкомаркЕрлерді анықтауға септеседі.

Жоғарыда айтылған үш құрылғы облыстық бюджет есебінен қаржыландырылса, биохимиялық анализаторды емхана лизингке алған. Англияда жасалған қондырғыға емдеу мекемесі 20 млн теңге жұмсапты. Құрылғы сағатына 560 зерттеу жүргізуге қауқарлы.

Сергей Курочкин- облыстық аурухананың дәрігер-лаборанты

– Мынау сынамаларға арналған блог, онда 70 адамның пробасы сияды. Ал мынау екінші бөлігі реактивтер салуға арналған. Бірден 60 химиялық заттар жиынтығын салуға болады. Ол ферменттер, электролит және сустраттарды анықтауға септеседі.

Жалпы бүгінгі күні облыстық аурухананың зертханасында 5 дәрігер мен 17 лаборант қызмет етеді.

Магжан Ахмадина.