Бизнес және экономика

«Халықтық IPO» бағдарламасының екінші кезеңі басталды

Қанат Тұйғынбаев – «Халықтық IPO» бағдарламасының қатысушысы.

– Мен 2012 жылдан бері акционер болып отырмын, «Қазтранойл» компаниясының. Екі жыл бойы дивиденд алдым. Осы жолы міне «KEGOС» компаниясының акциясын тағы алып отырмын. Бұдан екі пайда көріп отырмын. Бірінші жыл аяғында дивидентд береді, сатқанда тағы пайда түседі.

«Халықтық IPO» бағдарламасы елімізде 2012 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт аралығында 335 солтүстік қазақстандық 60 миллион теңгенің акциясын сатып алған екен.

Күлкен Жаркембаева – «Қазпошта» АҚ СҚОФ брокері.

– KEGOС- тың бір акциясының құны – 505 теңге. Және бір адам 14 000 акцияға дейін сатып алуға болады. Ол үшін казпошта бөлімшелеріне келу керек. Сатып алу үшін жеке куәлік ғана керек.

«KEGOС» компаниясының акциялары сатылымға шыққан алғашқы күннің ішінде жалпы құны 5 миллион теңгеден астам акция өз иелерін тапты. Аталмыш компанияның акциялары 3 -ші желтоқсанға дейін сатылатын болады.

Джакупов Самат.