Құқық қорғау органдары

Есірткі тасымалдаушы ұсталды

 

 

Кешкі сағат 9-дар шамасында “Оңтүстік” бақылау бекетіндегі жол сақшыларының назарына жаяу келе жатқан ер адам ілігеді. Ол аяғына есірткі затын байлап алып, Жұмысшы кентінен Бескөл ауылына қарай бет алған.

 

Олег Ковалёв, СҚО ІІД аға инспекторы:

– Өтіп бара жатқан ер адам өзін бір түрлі ұстады. Түрінен сасқалақтап тұрғандығы байқалды. Қажетті құжаттары да болмады. Бұдан кейін аты-жөнін сұрап, ІІМ базасына енгіздік. Онда бұл азаматтың нашақорлар түзімінде тұрғандығын анықтадық.

 

Ұсталған күдікті Көкшетау қаласының 35 жасар тұрғыны болып шықты. Осыдан бірнеше күн бұрын Петропавл қаласына автокөліктің бөлшектерін сатып алуға келіп,енді жол-жөнекей темір тұлпарды тоқтатып, үйіне кетпек болғандығын айтқан.

 

Олег Ковалёв, СҚО ІІД аға инспекторы:

– Күдіктінің сол аяғын скотчпен байлап алғандығын аңғардық. Кейін түйіндіде не бар екендігін сұрадық. Ол өзім де білмеймін деп жауап берді. Бұдан кейін біз бұл фактіге қатысты арнайы жедел-тергеу тобына хабарладық.

 

Көкшетаудың тұрғынынан тәркіленген сарғыш түсті ұнтақтың 2 жарым грамм  героин екені анықталды. Қазіргі уақытта ұсталған күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Және бұл іске қатысты анықтау шаралары жүруде. Жалпы жыл басынан солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары заңсыз айналымнан 100 келіден астам әр түрлі есірткі затын тәркіледі. Оның ішінде 5 келіден астамы героин.

 

Бану Ахметова