Сахнада қазақ ұлтынан өзге, әзербайжан, өзбек және татар, ұйғыр, қырғыздар да өнер көрсетті. Фестивальге қатысушылар шараға ерекше дайындықпен келгендерін айтады.
Чинара Болушева, “Манас” қырғыз орталығының өкілі
– Мұнда өнер көрсеткеніме қуаныштымын. Қазақстанға Қырғыз елінен келдім.
Түркі мәдениетінің фестивалінде Есіл ауданынан келген “Өрнек” негізгі мектебінің оқушылары да өз өнерлерін көрсетті. “Мөлдір бұлақ” деп аталатын шығармашылық ұжым жастар арасында қазақтың салт-дәстүрін насихаттау бағытында жұмыс істеп келеді. Олар мұндай шараларға жиі қатысып отырады екен.
Жансая Төкен, “Мөлдір бұлақ” шығармашылық ұжымының мүшесі, Есіл ауданы
– Жақсы дайындықпен келдік. Жетекшіміз көмектесті.
Түркі халықтарының этникалық және тіл мәдениетінің тарихы біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықтан бастау алады. Түркілер тарихы Еуразия аумағында мекен ететін өзге ұлттармен араласуы бойынша ерекшеленеді. Осының өзі олардың кең аумақта таралуы және тіршілік кешуінің себебі болып табылады. Түркі халықтарына тән мәдени қасиеттері бүгінгі фестивальде көрініс тапқандай. Фестивальге қатысушылар грамота және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ахметова Бану.