Спорт

Солтүстікқазақстандықтар семсерлесуден өткен халықаралық жарыста қола жүлдеге ие болды

Семсерлесуден Ольга Филинскаяны еске алуға арналған халықаралық турнирде жерлестеріміз екі қола медальға ие болды. Қазанның 22-сі мен 29-ы аралығында Шымкент қаласында өткен дода Қырғыстан, Өзбекстан мен еліміздің үздік спортшыларының басын қосқан. Жүлделі орынға 46 спортшы таласыпты. Жеке есепте Вадим Лысенко мен Степан Туповтың бағы жанып, солтүстікқазақстандықтар 3-ші орынға тұрақтады. Алдағы уақытта олар жақсы нәтиже көрсетсе, онда семсерлесуден Қазақстан құрамасына енетін болады деді спортшылардың бапкері- Виталий Гладков.

Магжан Ахмадина