Ауыл шаруашылығы

«Құлан» бағдарламасының шаруаларға тигізер пайдасы мол

«Құлан» бағдарламасы ағымдағы жылдан бастап қолға алынған. Жоба жүзеге асқалы бері жылқы малын өсіремін деуші 44 солтүстікқазақстандықтан 432 млн теңгеге өтініш келіп түскен. Қазіргі күні өңір фермерлері 122 млн теңгеге 316 қамбар ата төлін алған.

Аскат Жақиянов- «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ СҚОФ бас маманы

– Несие мерзімі 10 жылға дейін, жылдық үстемеақы 14 пайыз, оның 7 пайызы мемлекет қаражатынан қаржыландырылады. 3 жылға дейін негнізгі қарыфзбен үстемақаны төлеуге жеңілдетілген кезең беріледі. Бір бас құны 200-300 мыңды құрайды.

«Құлан» бағдарламасына әзірге Ғ.Мүсірепов, Аққайың және Қызылжар ауданының фермерлері белсенді қатысуда. Айта кететін жайт, осы жобамен қатар 2014 жылдан бері «Алтын асық» бағдарламасы да жүргізілуде. Ол қой шаруашылығын дамытуға бағытталған. Бүгіндері корпорация филиалы арқылы бөлінген қаражатқа жерлестеріміз 2 мыңнан астам шопан ата төлін алған.

Магжан Ахмадина.