Бизнес және экономика

Күнкөріс деңгейі

Бұл көрсеткіш өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 21,1 пайызға жоғары, ал осы қыркүйек айына қарағанда 1,4 пайызға кеміген. Яғни, егер өңірдің бір тұрғыны қазан айы бойы жеке өзіне тамақтану үшін шамамен 11 477 теңге жұмсамақ. Ал, оған қоса өзге тауарлар мен қызметтерге кететін шығын 7 мың 652 теңгені құрап отыр. Осы ақшаның ең көп үлесі – 19,8 пайызы ет және балық өнімдерін алу үшін жұмсалады екен. Одан кейін адам тұтынатын тауарлар кезегінде сүт, май, жұмыртқа, жемістер мен көкөністер, нан және жарма өнімдері тұр. Күнкөріс минимумының ең аз бөлігі, яғни – 2,1 пайызы қант, шай және дәмдеуіштерге тиесілі. Күнкөріс деңгейінің ең төменгі шамасын әлеуметтік-демографиялық топтар бойынша есептегенде 13 жасқа дейінгі балалар үшін – 16 мың 845 теңге, 14-тен 17-ге дейінгі жастағы ер балалар үшін – 23 мың 813, ал қыздарға – 18 246 теңгені құрап отыр. 18-ден асқан еңбекке қабілетті жастағы ер адамдар үшін күнкөріс минимумы 22 мың 504 теңге шамасында. Әйел азаматтардыкі бұдан – 4 мың 652 теңгеге кем. Зейнеткерлер мен қарт адамдар үшін – 17 мың 671 теңге.

Данаш Хамзина.