МТРА жаңалықтары

Петропавлда баспаналардағы ескі электр есептегіш құрылғысы жаңасына ауыстырылуда

Виктор Кац – “СҚЭТК” АҚ электр есептегіш құрылғыларын орнату қызметінің инженері

– Мына орнатылған электр қуатын есептеу құрылғысы арқылы баспана тұрғындары сол күнгі тұтынған энергия мөлшерін, күні мен бекітілген тарифті көре алады. Оны компания қызметкерлерімен қатар, тұрғындар да қуат есептегіш құрылғыдағы арнайы пернетақталарды басу көмегімен байқай алады. Ал құрылғыдағы мәлімет – компанияның тұрғындарға қызмет көрсету орталығындағы базаға келіп түседі.

Электр қуатын бақылау және есептеудің автомат­тан­дырылған жүйесінің енгізілуі энергетиктердің жұмысын айтарлықтай жеңілдетті. Одан қуат көзін ұрлау мүмкін емес. Жалпы, қуат көзін таратушы компания тұрғын үйлерге электр есептегіш құрылғысын өз қаржысына орнатуда.

Евгений Политкин – “СҚЭТК” АҚ бас директорының орынбасары

– Іске асырылып жатқан инвестиция­лық бағдарламаға сәйкес, Еуропалық даму банкінен биыл 1 милиард теңге несие алдық. Биыл сол қаражатқа облыс орталығындағы 7 стансаға ішінара жөндеу жүргіздік. 2020 жылға дейін қаланың барлық аудандарына автоматтандырылған қуат есептегіш құрылғысын орнатпақпыз.

Кәсіпорын алдағы уақытта облыс орталығы мен Бескөл ауылындағы тұрғындардың 13 мыңға жуығына – электр қуатын есептейтін құралын орнатып беруді көздеп отыр.

 

Бакыт Садуакасов.