Қоғам

Өңір полицейлері 75 жастағы кейуанаға көмек қылды

Енді қарияға дәрігерге қаралу үшін ұзын сонар кезекте тұрудың қажеті жоқ. Бұдан былай кейуананың денсаулығына шағымы болса, ол ішкі істер департаментінің медициналық орталығына жүгіне алады.

Мария Буржинскас

– Сіздерге алғысым шексіз. Қарт азамат көмекке зәру болады. Енді медициналық тексерістен өту үшін бірден тәртіп сақшыларының емханасына барып қаралатын боламын.

75 жасар қария бүгінгі күні жер үйде жалғыз тұрады. Бұл ретте азаматшаға қыс мезгіліне отын- көмір дайындау қиынға соғатыны анық. Осыны ескерген тәртіп сақшылары қарияның қысқы қажеттілігін даярлап берді. Енді полиция қызметкерлері болашақта кейуананың үйінің шатырын жөндеп беруді жоспарлап отыр.

Джакупов Самат.