Әр түрлі

Ескі газеттерді қажеттілікке жаратқан қол өнер шебері

Анастасия Епифанцева

– Әрі арзан, Әрі үйлесімді, жақсы, әдемі, өте әдемі. Бәрі – үйрене бастады, алғашқы себетті де жасай алдық.

Қазіргі таңда себеттер және басқа да үй іші көрінісіндегі қажеттіліктер таптырмас сыйлық. Ал сыйлықтардың әдемі шығуы үшін қаптама тігіп, тоқып, морилкамен бояп, сырмен өңдеу керек. Осының бәрін жасау үшін әр бұйымға жас ананың үш күн уақыты кететін көрінеді.

Анастасия Епифанцева

– Мен дәл осындай себетті дүкеннен бес мың теңге төлеп сатып алмас едім.

Жасалған себеттердің әдемі әрі нәзік болып шығуы үшін шебер газеттің жазуы жоқ ақ жолақ тұстарын пайдаланады. Ал ең қиыны газет қиындыларын шиыршықтау.

Анастасия Епифанцева

– Бір беттен 4 қиынды шығады. Ал бұл себетке шамамен 700 қиынды керек.

Шыбықтармен салыстырғанда – қағаз икемдірек, иілгіш кез келген пішінге ене алады. Мысалы, ескі кебіске. Петропавлда қазір оларға басқа кәде силарға қарағанда көбірек тапсырыс береді. Анастасия өзінің шығармашылық ізденісінде – мысыққа арналған үйшік өруге дайындалып жүр. Әртүрлі ойларым өте көп дейді.

 

Акбопе Танирбергенова.