Спорт

Ересектер мен жасөпірімдер арасында кикбоксингтен облыстық чемпионат басталды

Талғат Ұзақов – кикбоксшы, Петропавл қаласы

– Шаршы алаңдағы қарсылас кикбоксшы осал болған жоқ. Өзімнің кездесуімді айтар болсам, әлі де техникалық жағынан біраз жұмыс жасау керек. Өткен жылы осы іріктеуден сүрінбей өтіп, ел чемпионатына қатысып қайттым. Алайда бағым жанбай, алғашқы раундттан-ақ жеңіліс таптым. Осы іріктеуден өтсем, ел чемпионатында қарсылас спортшыларды тізе бүктіруге барымды саламын.

3 күндік чемпионатта кикбоксшылар 13 салмақ дәрежесі бойынша тартысқа түсетін болады. Жарысты ұйымдастырушылар ел чемпионатына жолдама алуға үмітті кикбоксшылардың жыл санап саны артып келетіндігін айтуда.

Әділ Нұржауыпов – кикбокстан облыстың аға бапкері

–  Бүгінгі ұйымдастырылып отырған облыстық чемпионатқа өңір аудандары мен қаладағы мектеп-интернаттан 70 кикбоксшы қатысуда. Олардың жасы 14 жаста болса, ал үлкендері 20 да.

Облыстық чемпионаттың екінші күні жартылай ақтық кезеңге өткен кикбоксшылар өз ішіндегі үздігін анықтайтын болады.

 

Бакыт Садуакасов.