Құқық қорғау органдары

Салауатты өмір салтын насихаттау айлығы жалғасуда

Әлия Нұртазина – Петропавл қалалық ІІБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы.

– Дәріс оқудың басты мақсаты – оқушыларды осындай жат қылықтардан аулақ қылу, темекінің денсаулыққа қандай зиян келтіретіні туралы олардың сана-сезіміне жеткізу болып табылады.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда жыл сайын темекінің кесірінен 20 мыңға жуық азамат жан тапсырады екен. Олардың 90 пайыздан астамы өкпе ісігі ауруына шалдығады. Осы бағытта көрсетілген бейнероликті тамашалаған оқушылар, полиция қызметкерлеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Олеся Иванова – № 2 орта мектептің 8 сынып оқушысы

– Темекі шегу жақсылыққа апармайды. Сондықтан мұндай жат қылықтардан аулақ болуымыз қажет. Әркімнің денсаулығы өз қолында. Сол себепті салауатты өмір салтын ұстанғанымыз жөн.

Жыл басынан бері спирттік ішімдік ішкен 17 кәмелеттік жасқа толмаған азамат, сондай-ақ есірткі заттарын пайдаланған 11 жасөпірім, және түн уақытында көше кезіп жүрген 500-ден астам оқушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал осындай жастарға алкоголь және темекі бұйымдарын саудалаған 40-қа жуық сатушыға айыппұл салынды.

Джакупов Самат.