Мәдениет

Ресейдегі халықаралық “Роза Ветров” конкурсынан Петропавлдық өнерпаздар 1-ші орынмен оралды”

Валентина Кулибекова – №8-ші жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешенінің көркемдік жетекші

– Бұл конкурсқа көктемнен бастап даярландық, репертуарын қарап, техникалық жағын бақылап. Осы мектептен ең үздік деген балаларды конкурсқа даярлап жібереміз. Осы жолы Кадимова Карина мен Ускова Дарья қатысты. Шындығына келсек бірінші орын алады деп ойлағанымыз жоқ үшінші, я екінші орын деп ойладық. Неге десеңіз халықаралық конкурс қой.

Аталмыш конкурста 4 күн бойы әлемнің әр жерінен қатысқан мыңдаған бишілер, әншілерден құралған өнер иелері бақтарын сынады. Сондай-ақ сайыскерлер түрлі аспаптарда да ойнап, көрермендерді тәнті етті. Фартопианоның қыр-сырын меңгерген жас жерлестерімізге байқаудың тек үшінші күні ғана өнерлерін көрсету кезегі тиген. “Жасминнің” репертуарында бұрын тек джаз жанрындағы туындылар болған. Ал бұл жолғы таңдау Чайковскийдің “Прилеп пен Миловзор дуэті ” классикалық шығармасына түскен.

Карина Кадимова – №8 мектептің 5 сынып оқушысы

– Біз өте жақсы өнер көрсете алдық. Конкурс керемет өтті. Қатысушылар жоғары дайындықпен келіпті. Біз орын алатынымызды білдік. Өйткені дайындығымыз жақсы.

Байқау соңында жас өнерпаздар жекелеген алғыс хаттар, 1-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Осы оқу жылында “Жасмин” дуэтіндегі қыздар сондай-ақ, Австрияда өтетін Оңтүстік Орал-Зальцбург фестиваль-конкурсына қатыспақ ниеті бар.

 

Акбопе Танирбергенова.