Қоғам

Облыстық мәслихаттың 15-ші сессиясы өтті

Жанат Сәдуақасов – Облыс әкімі аппараты жетекшісінің міндетін атқарушы

– Жергілікті мемлекеттік басқару жүйесіне 261 функция берілді. Үкіметтің қаулысына байланысты облыс әкімі бұл бағытта бірқатар өзгертулер енгізуде. Алдағы уақытта 19 облыстық басқарма еш өзгеріссіз қалады. Қосымша сәулет құрылыс бақылау, жер инспекциясы, ветеринария басқармалары пайда болады. Ал ішкі саясат басқармасына оңтайландыру мақсатында жастар саясаты жөніндегі басқарма біріктіріледі. Экономика басқармасын 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап құруды ұсынамыз. Өйткені бюджеттік жоспарлау функциясы қаржы басқармасына беріліп отыр. Биыл барлық қаржылық операцияларды аяқтап, функцияларды тапсыру жұмыстарын келер жылдан бастаған абзал.

Бұл ұсынысты депутаттар бір ауыздан мақұлдады. Басқосуда сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дербес құрамына өзгерулер енгізу ұсынысы құпталды. Жиын барысында «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің ұсынысымен атақты жазушы, қоғам қайраткері – Герольд Бельгерге облыстың құрметті азаматы атағын беру мәселесі де қарастырылды.

Жанат Сәдуақасов – Облыс әкімі аппараты жетекшісінің міндетін атқарушы

– Герольд Бельгер бірнеше қазақ әдебиеті классиктерінің еңбектерін аударған. Атақты жазушы 40-тан астам кітаптың авторы. Қоғам қайраткері 1934 жылы 28 қазанда Ресей Федерациясының Энглес қаласында дүниеге келген. Соғыс жылдары қазіргі Шал ақын ауданына қарасты Ысқақ Ыбырай ауылына қоныс аударған. Осылайша азамат қазақ мектебінде білім алып, Алматы қаласындағы қазақ педагогикалық институында оқуын жалғастырған.

Бұл ұсынысты халық қалаулылары құптады. Жалпы облыстық мәслихаттың 15-ші сессиясында барлығы 6 мәселе қарастырылды.

 

Джакупов Самат.