Балалар

«Қазақстандық жастардың мәдени құқықтық ерекшеліктерін қалыптастыру» атты семинар өтті

Зарина Қожанова- СҚО жастар бастамалары орталығы бөлімінің басшысы

 

– Жолда жүру ережесі мен құқықбұзушылыққа жол бермеу” акциясы аясында ұйымдастырып отырған шараның оқушылар үшін маңызы зор. Мұнда полицейлер балаларды жолда жүру ережелерімен таныстырды. Алда енгізілетін өзгерістер жайлы айтылды. Әсіресе оқушыларға скутерді басқару үшін келесі жылдан бастап куәліктің керектігі жайлы ақпарат қызықты болды.

Кейін оқушыларға темекінің ағзаға тигізер орасан зияны туралы да айтылды. Ұйымдастырушылар жаман әдеттің салдарын жасөспірімдерге ойын арқылы жеткізуге тырысты.

– Жолды белгіленбеген жерден өтудің соңы қайғылы оқиғаларға әкеліп соқтырады. Бүгінгі кездесу барысында тәртіп сақшылары бізге осыны түсіндірді.

– Мен бүгін темекенің зияны және заңнамаға енгізілетін өзгерістер жайлы білдім. Біздің заң бұзғанымыздың салдарынан ата-аналарымыз айыппұлдар төлейді. Ол да оңай емес.

Жиын соңында мектеп оқушыларына жолда жүру ережелерін сақтауға шақыратын парақшалар таратылды.

Магжан Ахмадина.