МТРА жаңалықтары

Петропавлда бос орындар жәрмеңкесі өтті

Бұл қалылық жұмыспен қамту бөлімі ұйымдастырған 11-ші жәрмеңке. Шараға облыс орталығынан 29 кәсіпорын өкілдері қатысып, азаматтарға 260 бос жұмыс орнын ұсынып отыр.

Айдос Рақымғазиев – Петропавл қалалық жұмыспен қамту бөлімінің сектор жетекшісі.

– Былтырғы деңгеймен салыстырғанда 150 адамға артық жұмыспен қамтылған деңгейге жетіп отырмыз. Бұл әрине өткізіліп жатқан іс-жәрмеңкелердің өзінің нәтижесін беріп жатқандығын көрсетеді. Және халықтың өзі келіп, осы жәрмеңке қашан болады деген сұранысы ай сайын көтеріліп келе жатыр.

Мамандардың айтуынша қазір облыс орталығында құрылысшыларға сұраныс артып отыр. Яғни бұл салаға маман тапшы. Мәселен тек «Құрылыс Сервис – СК» ЖШС -не 10-нан астам жұмысшы қажет.

Алена Васильева – «Құрылыс Сервис СК» ЖШС кадр бөлімінің инспекторы.

– Біздің серіктестікке әртүрлі қызметшілер, тракторшы, дәнекерлеуші сынды бірнеше азамат қажет. Орташа айлық -70 мыңнан 80 мың теңгеге дейін. Азаматтарға жалақы уақытылы беріліп тұрады.

Қайрат Құжарқаевтың жұмыссыз жүргеніне 5 айдан асқан. Бос орындар жәрмеңкесіне үмітін үзбей келген азамат, бұл жолы өзіне лайықты жұмысын таба алмады.

Қайрат Құжарқаев

– Тарих пәнінің мұғалімі болғам бұрында. Бүгін міне ярмаркаға келіп отырмын. Лайықты жұмыс жоқ. Аманшылық болса тағы болады, келемін тағы.

Жәрмеңке қортындысы бойынша 13 адам жұмысқа орналастырылды. Мұндай шара тура бір айдан соң тағы бір мәрте ұйымдастырылмақ.

Джакупов Самат.