Бизнес және экономика

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ СҚОФ 14 мыңнан астам салымшысы бар

Райхан Абдрахманова- «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ СҚОФ директоры

– Елбасымыз тұрғындарды сапалы, әрі қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін жиі көтереді. Бұл ретте біздің банк ең тиімді болып саналады. Біз несиелік ставкаларды жеңілдендіру шараларын қолға алдық. 3 жылдан астам уақыт біздің банктің салымшысы болғандар 3,5 пайыздық мөлшерлеме бойынша несие алса, бізде жинақтары жоқтар үшін ол 7,5 пайызды құрайды.

Күніне қаржы институтымен 25 адам келісімшартқа отырады. Тағы бір айта кететін жайт, егер салымшылардың құжаттары толық ретке келтірілген болса, онда өтінішті қарастыру мерзімі 3 күнге дейін қысқарады.

Жанар Жанмұрзина- «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ СҚОФ бөлім басшысы

– Бүгіндері банк салымшылары үшін «Жинақтаушы депозит» атты тиімді жүйе бар. Ол үшін жеке куәлік пен келісімшартты бекіту жөніндегі комиссияны төлеу түбіртегі болуы керек. Ең төменгі комиссия 5500 теңгені құрайды. Ол бірнеше жылға ашылады. Сосын шоттағы қаржының 50 пайызы жиналғаннан кейін оған 3,5 пайыздың мөлшерлемемен тұрғын үй заемы беріледі.

Арнайы ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында сонымен қатар мамандар қаржы институты жүргізіп жатқан акциялар жайлы да айтты. Мұнда «Екінші келісімшарт екі есе арзан» атты шара жүргізілуде. Ол қарашаның 15-не дейін жалғаспақ.

 

Магжан Ахмадина.