Спорт

Жерлес велошабандоздар ерледі

Мәселен 20 шақырымдық қашықтықта жекелей сында өнер көрсеткен Степан Астафьев ешкімге дес бермеді. Ал критериум жарысында жерлесіміз Тарас Воропаев үздік деп танылды. Жалпы командалық сайыста болса, мәре сызығын бірінші болып Виктор Окишев, Олег Земляков, Тарас Воропаев және Степан Астафьев кесті. 102 шақырымға ұйымдастырылған жалпы топтық сында Вадим Галлевке тең келер спортшы болмады. Айта кету керек республикалық турнирде барлығы 70- тен аса спортшы өзара бақ сынасты.

 

Самат Джакупов.