МТРА жаңалықтары

Тәркіленген мүлікті онлайн аукцион арқылы сатып алу мүмкіндігі

Владимир Агарков.

-Бұрын мен электронды түрде емес, осында өтетін аукциондарға қатынасатынмын. Сайт арқылы тіркеліп, тәркіленген мүліктерді алу әрине тиімді. Үйден шықпай-ақ осында болып жатқан саудаға қатынасасың.

Электронды аукционға жеке және заңды тұлғалар қатыса алады. Олардың міндетті түрде электронды сандық қолтаңбасы болуы керек.

Ирина Антощенко- СҚО сот актілерін орындау департаментінің сот орындаушысы.

-Кейін 3 дабл ю нүкте еаук нүкте кз сайытына тіркелу қажет болады.Ол жерде әр қатысушы жүйенің ережелерімен танысып, керек ақпаратты ала алады.Бұл жүйе ел бойынша жұмыс істейді. Сондықтан сіз кез келген қаладағы аукционға жарияланған мүлікті ала аласыз.

Егер сіз аукционға қатынасатын болсаңыз, онда ең алдымен мүлік құнына сәйкес 5 пайыздық жарнаны енгізу керек. Сауда әр күн сайын таңғы 10-нан бастап, лот сатылғанша жүргізіледі. Мүліктің бастапқы бағасы тәркіленген затқа салынған сарапшы мамандардың есебінен кейін белгіленеді. Жалпы саудаға шығарылған мүлік 2 әдіспен жүргізіледі.

Ирина Антощенко- СҚО сот актілерін орындау департаментінің сот орындаушысы.

-Егер сіз мүлікті алмасаңыз онда сізге 5 пайыздық жарна қайтарылады. Ал егер сіз аукционда жеңіп, оны алудан бас тартсаңыз онда салған жарнаңыз қайтарылмайды. Тағы бір айта кететін жайт, саудада мүлік сатылғаны туралы шешім шығарылған күннен кейінгі 10 жұмыс күні ішінде борышкер, яғни мүлік иесі қайтадан арыздана алады. Ал егер ол қарызын қайтармаса,онда мүлік басқаға сатылады.

Бүгіндері облысымыз бойынша 16 лот саудаға шығарылған.

 

 

Магжан Ахмадина.