МТРА жаңалықтары

Өрттің салдарынан 2 бала көз жұмды

Кейін анықталғандай, Пугачев көшесі, 265 мекен-жайында орналасқан тұрғын үйде мүлік пен жеке заттар отқа оранып, нәтижесінде баспанада болған 2 бүлдіршін түтінге тұншығып қалды. Оқиға орын алған кезде екі сәбидің анасы жұмысқа кетіпті. Қараусыз қалған 5 және 3 жасар балалар отпен ойнаған. Осы оқиғаға байланысты, төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, сіреңкені балалардың қолы жетпейтін орындарда сақтап, кішкентайларды бақылаусыз қалдырмау керектігін ескертеді. Сондай-ақ, бүлдіршіндердің жылытқыш аспаптарды немесе пешті жағып- қосуына тыйым салу қажет.

 

Сагыныш Маркашева.