Қоғам

«Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» облыстық фестивалі өтті

Виктория Образцова- Вагулино селолық округінің мәдениет үйінің меңгерушісі, Қызылжар ауданы.

 

-Осы қойылымды қою үшін біз киімдердің кейбірін арнайы тігіп, дайындасақ, енді біреуін ауылдағы мұражайдан алдық. Осының арқасында біз тарихқа оралғандай болдық. Мына көріністердің барлығында соғыс жылдары ата- бабаларымыздың басынан өткен оқиғаларын ойнап шығуға тырыстық.

Ал Роза Ахметова болса Бескөл аулының намысын қорғауда. Ол осында үш жыл бұрын құрылған «Бескөл нұры» ардагерлер хорының әншісі. Олардың ұжымдарында 20-ға жуық әнші бар.

Роза Ахметова- «Бескөл нұры» хорының мүшесі, Қызылжар ауданы.

-Бүгін қазылар алқасының назарына «Жасай бер, ағалар» атты әнді тарту етпекпіз. Бұл ән соғыстан оралып елге келген ағаларымыздың құрметіне арналған. Соғыс жалдары келмеген қанша жауынгерлерімізге шығарылған.

Ал мынау байқаудың ең кішкене қатысушылары. Бескөлдегі «Мирас» бөбекжай- балабақшасының тәрбиеленушілері әзірге қызу дайындық үстінде. Сахна сыртында олар билерін тағы бір қайталап жатыр. Міне олардың да кезегі келіп жетті. Енді балғындар көрермендерге лық толы сахнаға шықты. Бойларында қобалжду болса да олар жақсы өнер көрсете білді.

Бүлдіршіндердің биі көпшіліктің көңілінен шықты. Жалпы байқауға 20 ұжым қатысты.

Ескендір Елеусізов- қазылар алқасының төрағасы.

-Жеңістің 70 жылдығына арналған «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» облыстық фестивалі облысымызда жүріп жатыр. Бұл 11 ауданда өтті. Бүгін екі ауданда болдық. Кейін республикалық конкурсқа әр номинация бойынша СҚО құрамасын жасақтаймыз.

 

 

Магжан Ахмадина.