МТРА жаңалықтары

Рухани келісім – бірліктің бастауы

Наиль Сәлімов – облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі.

-Жер бетінде бейбітшілікті сақтап қалу – баршамыздың ортақ міндетіміз. Біз қандай ұлт өкілдері болсақ та, бір-бірімізге құрметпен қарап сыйластық танытуымыз қажет. Міне осындай қағидаларды жастарға түсіндіріп кеңінен насихаттау бағытында «Қоғамдық келісім» атты іс-шарамызды ұйымдастырып отырмыз.

Жиын барысында түрлі дін өкілдері өз ойларын ортаға салды. «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай Дүйсенбай, әрдайым бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған жағдайда ғана ауызбіршілікте боламыз,- дейді.

Кенжетай Дүйсенбай -«Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы.

-Басқа өңірлерге қарағанда біздің өңіріміз, әсіресе осы Қызылжар өңірі басқа ұлттардан, ұлыстардан, көптеген халықтардан, этностардан, құралған. Сондықтан біздің өңіріміздегі қазіргі ахуалымыз өте тамаша. Провославие, котолик болсын, мінекей дін өкілдері бір – бірімізбен өте жақсы қарым қатынаста.

Шараға қатысқан жастар да, әрдайым елде тұрақтылық орнағанын қалайды. Және оның нығаюына кейнгі толқынның өздері де үлес қосуға дайын.

Әйгерім Жазитова – Әл-Фараби атындағы мектеп- лицейнің оқушысы.

-Біз Қазақстан Республикасының жастары біздің еліміздің болашағымыз. Және де біздің көк байрағымызды мәңгілік көтеру үшін, барлығымыз бірлікте татулықта өмір сүруіміз керек.

Түрлі дін өклдері арасында достық қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған Елбасының сындарлы саясаты халықаралық қауымдастықта ерекше құрметке ие. Болашақта осы бай мұрамызды кейнгі ұрпаққа жеткізу баршамыздың ортақ міндетіміз болып қала бермек.

 

Самат Джакупов.