Бизнес және экономика

“Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасының екінші бағыты бойынша СҚО -да 445 жоба қаржыландырылған

Жандос Кенжетаев – «Кенжетав CLINIC» ЖК директоры.

-Өзім тіс дәрігері болғандықтан жеке емханам болса деп армандайтынмын. Аудан орталығында тек бір ғана стомотологиялық кабинет бар екендігін ескеріп, нысанды осы жерден ашуды жөн санадым. Осылайша мемлекеттен несие алып, арманымды жүзеге асырдым.

Емханаға бір тәулік ішінде 10 – ға жуық адамды қабылдай алады. Оларға тепрапевт, хирург және ортопед сынды бірнеше дәрігер қызмет көрсетеді. Сапасы да жаман емес.

Виталий Трисеев.

-Тісім ауырған соң, бірден емханаға келуді жөн көрдім. Мұнда консультация тегін жүргізіледі екен. Тісімді емдетіп алдым. Дәрігерлердің барлығы өз ісінің шеберлері. Бағасы да қаламен салыстырғанда әлдеқайда төмен.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша үстіміздегі жылы облыста жалпы құны 997 миллион теңгенің 445 жобасы қаржыландырылыпты.

Нұрсұлтан Әубәкіров – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ СҚОФ несие менеджері.

-Несиенің сомасы 3 миллион теңгеге дейін. Алдын ала берешегін жауып тастаған азаматтар үшін, несие сомасы 5 миллион теңгені құрайды. Кредитті 54 айға ресімдеуге болады. Сыйақы мөлшері 6 пайыз.

Жалпы өз ісін дөңгелетемін деген азаматтарға мемлекет бар жағдайды жасап отыр. Жеке кәсіпкер Жандос Кенжетаев енді келер жылы осы бағдарлама аясында аудан орталығында дәріхана ашуды жоспарлап қойыпты.

 

 

Самат Джакупов.