Бизнес және экономика

“Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасы кәсіпкерлерге қолдау болып отыр

Олжас Рамазанов – “Тұлпар” ТҚКС қызметкері, Қызылжар ауданы.

-Мына сто ашылғанына қуаныштымыз. Астанада үш жыл слесарь болып істедім. Мында жұмысқа келдім. Кілт – сайман барлығы жаңа. Жұмыс істеуге болады. Айлық барлығы жаман емес.

Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылында орналасқан «Тұлпар» атты техникалық қызмет көрсету станциясын жеке кәсіпкер Болат Сабыров жақында ғана ашқан. Бұл ауылдағы осымен 9-шы орталық. Іскер азаматтың кәсібін дөңгелетуге «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы көмек болған. Қазір мұнда шаруаның күрделілігіне байланысты күніне 6-7 автокөлікке қызмет көрсетіледі. Жаңа станцияда үш адам тұрақты жұмыспен қамтылыпты.

Болат Сабыров – жеке кәсіпкер, Қызылжар ауданы.

-Өзімнің мамандығым – механик. Бүгінгі күні біздің жасымыздағыларды ешкім жұмысқа алмайды. Сосын өзіме жұмыс істейін деп алты пайыздық ставкамен 3 млн теңге алып, осы СТО-ны салдым. Қондырғыларлың барлығын Петропавлдан алдым, қалғанын Алматыдан әкелдік. 4 айдың ішінде осының бәрін салып, кеше бастадық жұмысты.

Айта кету керек бүгінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы Қызылжар ауданында сәтті жүзеге асырылуда. Жылдан жылға жобаға қатыссам деген азаматтардың саны артып отыр.

Ботагөз Оразбаева – Қызылжар аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы.

-Қызылжар аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 44 азамат 12 миллион 500 мың теңгенің шағын несиесін алды. Олардың 31-і мал шаруашылығын жандандыруды көздеп отыр. Тағы 8-і қызмет көрсету саласын ашса, төртеуі кәсібін ұлғайтуға қаражат алды. Бөлінген ақшаның барлығы тиісті мақсатқа игерілді.

Жеке кәсіпкер Болат Сабыров болашақта станция көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

 

 

Самат Джакупов.