МТРА жаңалықтары

Құқық қорғаушылардың қатары толықты

Осылайша отанға адал, еліміздің ата заңын сақтауға ант берген Қуаныш Сүлейменов бүгінде жол потурльдік полиция батальонында еңбек етіп жүр. Жас маман полицей болуды бала кезіннен армандапты.

Қуаныш Сүлейменов, СҚО ІІД жол патрульдік полиция батальонының қатардағы қызметкері.

-Заңгер мамандығына оқыдым. Кейін әскер қатарына шақыртылып, Отан алдындағы борышымды өтеп келдім. Сөйтіп, жол патрульді полиция батольонына қызметке орналастым. Оған жарты жыл болды. Мұны мақтан етемін. Өз арманыма жеттім. Барлық жұмыстың қиыншылықтары бар. Тек оны жеңе білу керек деп ойлаймын.

Жыл сайын ішкі істер органдарының қатарына 600-ден астам жас маман қабылданады екен. Өңіріміздің бас полицейі Берік Біләлов құқық қорғаушылардың жұмысы қиын әрі жауаптылықты қажет етеді дейді.

Берік Біләлов, СҚО ІІД бастығы.

-Жас полицейлер кәсіби мамандардың жұмысын жалғастырып, өздеріне жүктелген міндетті абыройлы, адал атқарады деп сенеміз. Құқық қорғаушылардың қызметі оңай емес. Азаматтық борышын орындап, еліміздің заңы мен халықтың тыныштығын сақтау керек.

Саптық байқауда еліміздің әнұраны шырқалды. Содан соң ішкі істер органдарының 6 қызметкеріне лейтенант шені берілді.

Саптық байқау соңы мерекелік маршпен аяқталды.

 

 

Бану Ахметова.