Екатерина Трофимова – қала тұрғыны.
-Құбыр ауыстырған соң мен сумен қамтушы кәсіпорын жұмысшыларынан аумақты қалыпқа келтірулерін сұрадым. Олар келесі күні күл төгіп, реттеп кетті. Бірақ та жауын-шашыннан кейін әлгі жер қайта шұңқырға айналды. Біз қала әкіміне шағымымызды айтқан болатынбыз. Кейін бұл мәселе тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығына жолданыпты.
Сөйтіп, қалалық әкімдіктегілер аула маңын аббаттандыру үшін тұрғындарға арнайы байқауға қатысуға ұсыныс білдірген. Бірақ, баспана иелері қажетті құжаттарын реттеп, байқауға қатысуға өтініш бергенде, бюджетте бұл жұмыстарға қажет қаржы болмай шығады. Қазір баспана иелері мектеп оқушылары мен қариялардың жүріп тұруы мүлдем қиындағанын айтады.
Надежда Семенько – қала тұрғыны.
-Балаларымыз сазды күндері жақын маңдағы мектеп пен балалабақшаға әрең дегенде жетіп, сабақққа кешігіп жатады. Ол аз десеңіз, бұл пәтерлерде көбіне қарт адамдар тұрады. Олар мүлдем ауладан шықпайтын болды. Жолдың нашарлығынан қалдық шығаратын жүк көлігі қоқыс жәшіктерінің маңына жолай алмай жүр.
Біздің арна тілшілері осы мәселе бойынша аталған учаскеде құбыр ауыстырған “Қызылжар су” жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен хабарласқан болатын. Кәсіпорын қызметкерлері бірден баспана иелерімен кездесіп, жұртты дүрліктірген жол жағдайын байқады. Тұрғындар үйге кіріп-шығатын жолдың бірер күнде жөнделетініне сеніп отыр.
Бакыт Садуакасов.