МТРА жаңалықтары

Нанның бағасы көтерілмейді

Шыңғысбек Сұлтанбеков – Петропавл қаласы кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы.

-Біз кешеден бері 11 наубайханаға ұн бердік. Ұнның бағасы 20 теңгеге төмен. Ауыл шаруашылығы басқармасы субсиядалағандықтан наубайханалар ұнды енді 48 теңгеден алатын болды.

Қазанның 11-ндегі нанның 70 теңгеге дейін қымбаттауын жергілікті кәсіпкерлер ұн бағасының шарықтауымен түсіндіруде.
Нанның құнын өсірмеу туралы меморандумқа қол қойғандардың арасында кәсіпкер Искандер Мурадов та бар. Оның нан пісірумен айналысқанына бірнеше жыл болған. Осындай тағам өнімдерін әзірлеу үшін тәулігіне 3 тоннаға жуық ұн кетеді дейді.

Искандер Мурадов – “Қала – Нан” ЖК директоры.

-Негізі, бұл біз үшін де пайдалы. Өйткені, ұнның бағасы өсуде, ал біз оның жетегінде кете алмаймыз. Әйтпесе, шығынға ұшырауымыз мүмкін. Енді, ұнның келісін 48 теңгеден қабылдап, нанды 45 теңгеден шығаратын боламыз.

Бұл келісімнің күші жыл соңына дейін жойылмайды.

 

 

Данаш Хамзина.