Әр түрлі

СҚО-на қыс келді

Жолаушыларға лық толы автобустар, жүк көліктері дөңге әрең дегенде көтеріліп жатыр. Ауа-райының тылсым мінезінен кейбір автокөліктер орта жолда істен шығып, тіпті қақтығысып жүргізушілер біраз әуре-сарсаңға түсті. Осының салдарынан кептелістер пайда болып, жұмысшы кенті, Бескөл ауылының тұрғындары таңертең жұмыстарына кешігіп жатты.
Жерлестеріміздің біразы қардың жауатынын күні бұрын білдік десе, еді бірі ауа-райының тосын қылық танытатынын күтпедік дейді.

Бүгін таңғы сағат 6-дан бастап облыс орталығын қардан тазартып, көк тайғақ жолдарға құм себу жұмыстарына 7 кәсіпорын тартылды. Олар өз кезегінде қауырт шараға 28 дана техника мен жүздеген жұмысшыны жұмылдырды.

Елена Иващенко, “Коммунхоз Петропавл” ЖШС абаттандыру бөлімінің басшысы.

-Коммунхоз Петропавл” ЖШС- қаланың орталық көшелерін ақ ұлпадан арылтуға таңертеңгі сағат 6-дан кірісті. Бұл іске кәсіпорын 110 қызметкері мен 15 дана техниканы жұмылдырды. Соңғы күндері қардың көп жауғанына байланысты мұнда тындырылатын шаруа ауқымды. Бізде әр участікке жеке -жеке бригадалар бөлінді.

Бүгінгі дымқыл ауа-райында коммуналдық кәсіпорын өкілдеріне жұмыс істеу оңайға соқпады.
Синоптиктер мұндай ауа райы алдағы 3 тәулік бойына сақталады деп отыр.

 

 

 

Берик Касен.