МТРА жаңалықтары

Петропавлдықтар “Қызылжар су” ЖШС 15, 5 млн. теңге қарыз

Арман Саутов- “Қызылжар су” ЖШС техникалық директоры.

-Бүгінде петропавлдықтардың “Қызылжар су” кәсіпорнына дебиторлық қарызы 15,5 млн теңге болады. Кейбір тұтынушылар суды тұтынып, ақшасын 3-4 ай бойына төлемей қояды. Біз осы шара аясында олардан қарызды толығымен өндіріп алуға тырысамыз.

Судың да сұрауы бар. Сот орындаушылары жауапкершіліктен қашқан тұтынушыларға әкімшілік жаза қолданамыз деп отыр.

Рамиль Батырбаев, СҚО сот актілерін орындау департаментінің сот орындаушысы.

-Егер де бұл тұрғындар қарызын соза берсе біз олардың дүние мүлкін тәркілеп, жалақысынан ұстап қаламыз. Және оларға шетелге шығуға тиым салынады.

Тұрғындарды тәртіпке шақыратын шара апта сайын өтіп тұрмақ.