Спорт

“Мен чемпион” атты спорттық жобасының бірінші кезеңі қараша айында өтеді

Гүлмира Кәрімова – Петропавл қалалық білім бөлімінің басшысы

– Әр ойынға 12 мен 14 жас аралығындағы 10 оқушы қатыса алады. Оған қосымша 2 ойыншы қарастырылуы тиіс. Мектепішілік сында жеңіске жеткен ойыншылар қала деңгейіндегі екінші кезеңге жолдама алады. Ал жобаның облыстық кезеңі көктемгі демалыс кезіне жоспарланған. Бірінші және екінші кезеңдегі ойынға қажетті спорттық құрылғылармен жабдықтау ісіне – мектеп директорлары жауапты.

Аталған спорттық ойында әр қатысушының күші, шапшаңдығы мен төзімділігіне басымдық беріледі. “Муниципалдық телеарнаның” директоры Евгений Сазанов жобаның барлық кезеңдерін халыққа мүмкіндігінше эфирде көрсетіп тұратындығын айтты.

Евгений Сазанов – “МТРА” ЖШС директоры

– Бүгінде біз “ай чемпион нүкте ком” сайтын ашып отырмыз. Оны кез келген адамдардың ғаламтор желісі арқылы көрулеріне мүмкіндік бар. Сондай-ақ контактіде тобымыз бар, ойындарды және ютубтегі каналдан да көруге болады. Сайттан “Мен чемпион” атты ойынның өту барысы, кезеңдері мен талаптары көрсетілген.

“Мен чемпион” жобасының мектепішілік кезеңінің әділ және жоспарға сай өткізілуін – қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің жетекшілері қадағалайды. Ал келер жылы бұл ойындарға бюджеттен қосымша қаржы бөлінбек.

Елена Балло – Петропавл қаласы әкімінің орынбасары

– 2015 жылғы бюджетке “Мен чемпион” атты телевизиялық балалар спорттық ойынында жүлдегерлерді марапаттауға қосымша қаржы қарастыруды жүктеймін. Екіншіден, қалалық ішкі саясат бөлімі жобаның облыстағы барлық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып тұруын назарда ұстауы керек.

“Мен чемпион” атты телевизиялық балалар спорттық ойынының мектепішілік кезеңінде топ жарған жеткіншектер екінші кезеңге жолдама алады. Ол қаңтар айында өтеді деп жоспарланған.

 

Бакыт Садуакасов.