Балалар

Облыстық қуыршақ театрының ұжымы қала көшелерінің бірінде шеру өткізді

Анастасия Горюхина

– Мен театр қойылымдарының бірде-бірін қалт жібермей, тамашалап әр туындыны асыға күтемін. Өзімнің сүйікті кейіпкерлерім де бар. Жақында болатын “За лесами за горами” ертегісіне бармақшымын.

Биылғы маусымға қуыршақ театрының ұжымы кішкентай көрермендеріне арнап бірнеше туындыны даярлап қойған. Өнер шаңырағы 25-ші маусымның шымылдығын “Кот в сапогах” спектаклімен ашпақшы. Бұдан бөлек көрермендерді басқа да шытырманға толы туындылар күтуде, – дейді өнер ұжымының әртістері.

Нұрсұлтан Қалқабек – Облыстық қуыршақ театрының әртісі

– Және де бізде жаңа қойылымдар болайын деп жатыр. Қазан айында премьералар болады. Биылғы маусымға әзірлеген қызықты қойылымдар мен ертегілер көп деп айтуға болады.

Сондай-ақ бұл күні қала көшелерінде жерлестерімізді қуыршақ театрының ашылу маусымына шақырған дауыс зорайтқышы бар газель мен автобус жүріп өтті. Жалпы облыстық қуыршақ театрының жас ұжымы көптеген халықаралық және республикалық фестивальдар мен байқауларға қатысқан.

 

Бакыт Садуакасов.