Құқық қорғау органдары

Алимент төлеуден жалтарып жүргендерді іздестіру акциясы

Задержанная

– Вы находитесь в розыске? – Да. – Об этом вы узнали от сотрудников полиции, сегодня? – Да. – Поясните: штраф за какое правонарушение был на вас наложен? – Адмштраф наложен был в связи с тем, что у меня были утеряны документы и я не смогла восстановить вовремя их. Штраф я обязуюсь оплатить.

Көші-қон полицейлері қолға алған акцияның мақсаты – алимент пен айыппұл төлемей жүргендердің тұрғылықты мекен жайларын анықтау. Шараға облыс орталығы мен аудандардағы тәртіп сақшылары жұмылдырылған.

Осы акция басталған уақытта Көші-қон басқармасы полицейлерінің қолында іздеу жарияланған 270 іс болыпты. Оның 50-уі алимент төлеуден жалтарып жүргендерге, ал қалған 220-сы жалпы борышкерлерге қатысты қозғалған.

Акцияның екі күнінде тәртіп сақшылары алимент төлемеген 6 азаматтың және 43 қарызгердің тұратын жерін анықтаған. Жедел алдын алу шарасы қазанның 17-не дейін жалғасады.

Данаш Хамзина.