Спорт

Солтүстікқазақстандық жас спортшылардың жетістіктері

Сондай-ақ, өңір жастары Тараз қаласында акробатикадан өткен ел чемпионатында да жақсы нәтиже көрсетті. Байрақты бәсекеде біздің облыстың намысын 13 адамнан құралған команда қорғады.
Жарыс қорытындысы бойынша аралас жұптар арасында – Александр Зотов пен Анастасия Бейсембаева алтын медальді жеңіп алса, ал қыздар арасында Алина Абуталипова мен Алина Гасимова күміс алқаға қол жеткізді. Команданы дүбірді додаға Андрей Ямпольский бастаған бапкерлер бригадасы жаттықтырған.

Данаш Хамзина.