Ауыл шаруашылығы

Өңір аграрийлері дәнді дақылдардың 3 млн. гектарға жуығын орған

Егінді орудан Ақжар, Уәлиханов және Жамбыл аудандары алда келе жатыр. Ал Шал ақын мен Тимирязев ауданының аграрийлері көштен қалыс қалуда.

Өңірде майлы дақылдар да жақсы қарқынмен жиналып жатыр. Бүгінде оның 360 мың гектардан астамы шабылған. Бұл барлық жұмыстың 60 пайызын құрайды. Дестеге түсірілгені – 154 мың гектар. Мұндағы өнімділік – бір гектар бойынша орташа алғанда 11,7 центнер.

Сондай-ақ, облыста 27 мыңнан астам гектардағы картоп пен 5 мың гектар жердегі көкөністер теріліп болды.

Данаш Хамзина.