Балалар

Елімізде энергия үнемдеуге бағытталған республикалық акция жалғасуда

Сергей Худяков -«Қазақстанның тұрғын үй -коммуналдық саланы жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ СҚОФ директоры.

– Акция бір жылға дейін жалғасады. Нәтижесінде түрлі іс – шаралар ұйымдастырылады. Бүгін міне облыс орталығындағы студенттердің басын қосып, викторина ойындарын өткізбекшіміз. Біз осы арқылы энергия үнемдеудің тиімділігін халыққа түсіндіреміз деген ойдамын.

Шара Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ұйымдастырылды. Оған қаламыздың бес колледжінен 70- ке тарта студент қатысты. Жиын барысында жастарға энергия үнемдеуге байлынысты викториналық сұрақтар қойылды. Дұрыс жауап бергендері арнайы сыйлықпен марапаталды.

Карина Айтмагомбетова – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті.

– Маған өте ұнады. Сұрақтар қиын емес, Күнделікті үй тұрғыда болып жатқан нарселер. Мен бакал, қалам міне мынандай футболка және кепка ұтып алдым.

Перизат Әбілина – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті.

– Бүгінгі болған викторина өте жақсы өтті. Онша қиын деп ойламаймын. Себебі біз осы мамандыққа қатысты оқып жатырмыз. Осындай викториналар өткізіліп тұрғаса деген ойдамын. Себебі жастар осы арқылы энергияны үнемдеуді үйренеді.

Энергия үнемдеу әр қазақстандықтың өмір сүру салтына, күнделікті әдетіне айналуы тиіс. Бүгіншгі шара соны меңзейді.

Джакупов Самат.