Спорт

Петропавлда тұңғыш рет трофи-рейд “Батпақты ойындар” жарысы өтті

Александр Градволь – трофи-рейд “Батпақты ойындар” турнирінің ұйымдастырушысы

– Біздің клубымыз жарты жыл бұрын, “Нива” мен “Джип”, яғни төрт доңғалағы да бір мезгілде қозғалысқа түсетін көлік жүргізушілерінің назарын аударту үшін құрылды. Бүгінде осы жарысты өткізуге бел будық. Сайысқа 17 автокөлік қатысуда. Батпақты жолды бірінші болып өткен қатысушы жеңіске жетеді.

Сайысқа қатысушыларды сынау үшін батпақтан бөлек, жарыс жолының өне бойында түрлі кедергілер, оның ішінде, құм төбелер, ойлар, бөрене мен шұңқырлар қарастырылған. Сондықтан, қатысушылардың кейбірі бұл кедергілерден өте алмай, орта жолда қалып жатты.

Сергей мен оның штурманы Владимир Григораштардың айтуынша, аталмыш кедергілерге төтеп беру үшін тиімді тактиканы таңдау қажет. Сонда ғана бөгеттердің күрделілігіне қарамастан, оларды басып өту мүмкін болмақ. Ағайынды Григораштар осындай турнирге алғаш рет қатысып тұрған жоқ. Десе де, бұл жолы олар мәреге 9 минуттың ішінде ғана жете алды.

Сергей Григораш – жарысқа қатысушы, Петропавл. қ

– Жарыс трассасы біз үшін өте қиын болды. Штурман болмаса, 2 рет батып қалар едік.

“Батпақты ойындар” турнирінің нәтижесінде барлық кедергілерді Артем Дубровский, штурманы Павел Кочешков 6 минут 25 секундта бағындырып, топ бастады. Ал екінші орынды Виктор Шойко мен Сергей Михайлов иеленсе, үшінші орынға жүргізуші Александр Ильященко мен штурман Евгений Белинский жайғасты. Жеңімпаздар диплом, медаль және сыйлықтарға ие болды. Енді осындай жарыстар жыл сайын ұйымдастырылмақ.

 

Сагыныш Маркашева.