Әр түрлі

Облыстық өнер мұражайында шайға арналған ерекше көрме өтуде

Олеся жұбайымен бірлесіп 2011 жылы жеке студиясын ашқан. Осы аз ғана уақыттың ішінде оны өнері арқылы өңір тұрғындары танып үлгерді. Шебердің еңбегін жерлестеріміз ғана емес, Ресей мен Германия елдерінен келген меймандар да алуға асық. Соңғы кездері оның студиясына кәдесый сатып алу үшін шетелдік режиссерлар мен актерлар келетін болған. Сәндеуші бұл өнер түріне 4 жастағы ұлы мен қызын да баулып жүр.

Олеся Гонтарь, “Гармония” интерьер студиясының директоры

– Мен көрмендерге ұсынған “Шай ішудің ғажайыбы” атты композияциям арқылы біріне-бірі аз көңіл бөліп жүрген ерлі-зайыптыларға ой тастағым келді. Менің пікірімше, ерлі зайыптының өмірінде бірге өткізген сәттері мейлінше көп болғаны жөн. Сол кезде шаңыраққа береке еніп, тұрмыстары келісті болмақ. Тиісінше, олардың балалары да жанұялық жылулықты жақсы сезінетін болады.

Мұнда Олеся Гонтарьдың еңбектерінен өзге басқалардың да ағаш, мата, ермексаз бен түрлі материалдардан жасаған дүниелерін көруге болады. Барлығының тақырыбы бір – “Шай ішу рәсімі, дәстүрлер, сырласу және үндестік деп аталады. Бұл көрмеге жалпы 100-ге жуық туынды қойылған. Оған қатысушылардың ең кішісі – 3 жаста.

Жібек Жүзенова, СҚО бейнелеу өнері мұражайының экскурсия жетекшісі

 

– Жалпы көпшілік шайды қарапайым сусын ретінде қабылдайды. Бірақ оның тарихы бар екенін, әр халықта шай ішу рәсімі бар екенін біле бермейді. Міне, біз осы көрме арқылы соны көрсеткіміз келді.

Және бұл экспозияцияда 19-ғасырда пайдаланған самауырды көруге болады. Көрме қарашаның 10-ына дейін жалғаспақ.

Берик Касен.