МТРА жаңалықтары

Солтүстік Қазақстан жерінде геоглифтер табылды

Анатолий Плешаков – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ археологиялық оқу-ғылыми орталығының жетекшісі

– Бұл анықталған геоглифтердің үлкендігі соншалықты, оны тек қана жоғарыдан көруге болады. Қазіргі таңда Қостанай облысының аумағында орналасқан геоглифтердің бірнеше түрлері белгілі болды. Олар төрттаған, свастика, крестер, сақина және желі тәріздес болып келеді.

Бұл геоглифтерді ғалымдардың анықтауға Google бағдарламасының ғарыштық түсірілімі септескен. Зерттеушілер қорымды жерден байқау қиынға түседі деп отыр. Ал ғарыштық түсіріліммен қорым әлдеқайда нақты көрінеді.

Анатолий Плешаков – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ археологиялық оқу-ғылыми орталығының жетекшісі

– Қазақстанда әзірге геоглифтердің ұқсас басқа түрі жоқ және оларды зерделеу сөзсіз жаңа ақпарат. Бұл жаңалық қазақстандық археологтарға жаңа бағыттар береді. Мәдени орында петрография, химиялық және трасологиялық талдауар жүргізіледі. Ал оған қосымша физикалық үлгілеу негізіндегі эксперименттер және жүйелі талдау, типология әдістері қолданылды. Аталған қорымды зерделеу біраз жылдарға созылуы мүмкін.

Қазірде еліміздің археологтары мен ғалымдары қорымды зерттеуді мықтап қолға алды. Солтүстік Қазақстан жерінен табылған көне геоглифтердің қай ғасырда салынғаны әзірше, көпке беймәлім. Жергілікті университет жанындағы археологиялық оқу-ғылыми орталығының жетекшісі Анатолий Плешаков табылған нысан діни салт-жораларды жасауға қолданылуы мүмкін деп жорамалдауда.

 

Бакыт Садуакасов.