Қоғам

Петропавлда “Мүмкіндігі шектеулі жандар – қоғамның тең мүшелері ” деген атаумен концерт өтті

Лариса Шереметьева – СҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы мүгедектерді оңалту бөлімінің басшысы

– Бүгінгі концертті кембағал жандарды қолдау мақсатында ұйымдастырдық. Әлеуметтік мекеме қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жандарға мазмұнды бағдарлама ұсынады.

Сахна төріне алғашқылардың бірі болып облыстық “Қамқор” мүмкіндігі шектеулі жандар қоғамының өкілдері Олеся Ковылева мен Иван Залезняк шықты. Өнерлі жұп көрермендерге “Мәңгі махаббат” атты биін ұсынды.

Олеся Ковылева – СҚО “Қамқор” мүмкіндігі шектеулі жандар қоғамының өкілі

–  Көрермендерге лирикалық би ұсындық. Біз өте қобалжыдық, себебі концертке аз уақыт ішінде дайындалып едік. Біздің бимен айналысып жүргенімізге де көп болған жоқ.

Мәдени шара көрерменнің көңілінен шықты.

–  Бүгінгі концертке келгеніме, өте ризамын. Мерекелі шара жақсы өтіп жатыр.

– Маған концерт өте ұнады. Осындай мерекелі шаралар жиі өткізіліп тұрса, біз риза болар едік.

Сагыныш Маркашева.